Студенттер испаниялық зауытта өндірістік тәжірибеден өтеді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 30 қазан 2025
  • 86

Студенттер испаниялық зауытта өндірістік тәжірибеден өтеді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне «Roca Group» компаниясының директоры Даниэль Эрнандес жұмыс сапарымен келді.
Испаниялық компания өкілін Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай мен Стратегиялық даму және IT жөніндегі проректор Мұрат Айтимов қарсы алды.

KorkytAta02.JPG

KorkytAta10.JPG

KorkytAta11.JPG

 

KorkytAta18.JPG

«Roca Group» компаниясының директоры Даниэль Эрнандес ҚР еңбек сіңірген гидротехнигі М.Нәлібаев атындағы су шаруашылығы музейі, «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана және Жасанды интеллект институтының жұмысымен танысты. Шетелдік іскер топ өкілдері оқу орнының материалдық-техникалық әлеуетіне жоғары баға берді.  
Еуропалық компания Қызылорда қаласында сантехникалық жабдықтар шығаратын жаңа зауыт салуды жоспарлап отыр. Құрылыс материалдарын өндіретін бұл комбинат Орталық Азиядағы ең ірі өндіріс орындарының бірі болмақ. Ұзақ мерзімді серіктестік аясында зауытқа қажетті инженерлік мамандар Қорқыт ата университетінің түлектерінен жасақталмақ.

KorkytAta14.JPG

KorkytAta15.JPG

KorkytAta19.JPG

KorkytAta22.JPG

Бұған дейін «Roca Group Kazakhstan» компаниясының өкілдері университетпен әріптестіктің болашағына сенім білдіріп, білім грантын бөлуге дайын екенін жеткізген болатын. Сонымен қатар университеттің техникалық мамандықтарда оқитын студенттеріне өндірістік нысанда тәжірибеден өтуге мүмкіндік жасалады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...