Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Оңтүстік Кореяда өткізілетін корей тілі курстары туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 30 қазан 2025
  • 58

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Оңтүстік Кореяда өткізілетін корей тілі курстары туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қорқыт Ата атындағы ҚУ-дың халықаралық байланыстар бөлімі 2025-2026 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында серіктес университетіміз - Оңтүстік Кореяның Чонбук ұлттық университетінде корей тілі курстарына қатысу үшін өтініштер қабылдауды жариялайды.

Корей тілін жетік меңгергендігі туралы TOPIK сертификаты талап етілмейді.

Үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады: 

1. Білім алушының толық деректерімен ЖОО басшысының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (институт, мамандық, топ, паспорттық деректер, тұрғылықты мекенжайы, э-пошта);

2. ҚР азаматы паспортының көшірмесі және жеке куәлігінің көшірмесі;

3. Ағымдағы үлгерім туралы Транскрипт (қолымен және мөрімен расталған);

4. Оқу орнынан анықтама (ағылшын тілінде) (қолымен және мөрімен расталған);

5. Өтініш берушінің сауалнама-анкетасы (халықаралық байланыстар бөлімінен алынады);

6. Ұсыныс хаты (ағылшын тілінде);

7. Түйіндемесі бар мотивациялық хат (ағылшын тілінде);

8. Оқу жоспары/бағдарламасы (ағылшын тілінде);

9. Мектеп аттестатының  скан-көшірмесі.

 

Құжаттарды қабылдау халықаралық байланыстар бөлімінде 2025 жылғы 31 қазаннан 20 қарашаға дейін жүргізіледі.

Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Әйтеке Би көшесі, 29-А, бас ғимарат, 2-қабат, 224 кабинет, тел.: 26-29-57

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда  университеті

Халықаралық байланыстар бөлімі

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...