Қорқыт ата университетінде Еркін Әуелбековтың 95 жылдығына арналған конференция өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 31 қазан 2025
  • 144

Қорқыт ата университетінде Еркін Әуелбековтың 95 жылдығына арналған конференция өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Нұржанұлы Әуелбековтың 95 жылдығына арналған «Еркін Әуелбеков: заманның заңғар тұлғасы» тақырыбында облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қайраткердің өмір жолы мен ел дамуына қосқан үлесін ғылыми тұрғыдан зерделеу, оның өнегелі өмірін жас буынға үлгі ету.Ғылыми кездесудің модераторы университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай өз алғысөзінде Еркін Нұржанұлының өмірдерегі мен еңбек жолын шолып өтті. Жиын барысында «Ұлты ұлықтаған ер – Еркін Әуелбеков» атты бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар саналы ғұмырын мемлекет дамуына арнаған қайраткердің толымды істеріне қанықты. 

WhatsApp Image 2025-10-31 at 15.22.32.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-31 at 15.22.34.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-31 at 15.22.33.jpeg

Конференцияда Мұстафа Шоқай ғылыми орталығының ғылыми жетекшісі Әбдіжәлел Бәкір «Еркін Әуелбеков – Қайсар қайраткер» тақырыбында баяндама жасап, Еркін Нұржанұлының басқарушылық қабілеті мен ел алдындағы еңбегіне жан-жақты тоқталды.
Сонымен қатар, тарих және археология білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессоры Айтжан Оразбақов «Әуелбеков Еркін Нұржанұлының замандасы Исатай Әбдікәрімовтің Сыр еліне сіңірген еңбегі» тақырыбында, тарих және археология білім беру бағдарламасының  профессоры профессоры Өтеубай Қожақұлы «Қайраткер азамат – Еркін Әуелбеков» тақырыбында баяндама жасады. Ал «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» секциясының қауымдастырылған профессоры Мұрат Насимов «Дәстүрлі және инновациялық құндылықтар аясындағы тұлғаның өзін-өзі анықтауы» тақырыбында ғылыми ой-пікірін ортаға салды.

WhatsApp Image 2025-10-31 at 15.22.33 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-10-31 at 15.22.34 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-10-31 at 15.22.35.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-31 at 15.22.35 (1).jpeg

Жиынға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, ғалымдар, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...