Қорқыт ата университетіне Корея Республикасынан делегация келді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 03 қараша 2025
  • 133

Қорқыт ата университетіне Корея Республикасынан делегация келді

Ұлттық Ассамблея мүшесі, Генерал Хон Бом До ескерткіш қоғамының президенті Пак Хонгын бастаған делегацияны Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова жылы ілтипатпен қарсы алды. Шығыс Азиядан келген мәртебелі меймандарға білім ордасының басшысы оқу орнының бай тарихы мен толымды табыстарын таныстырып өтті. Делегация өкілдері университеттің сирек кездесетін кітаптар қоры мен ғылыми жетістіктеріне ерекше таңданыс білдірді. Әсіресе 18 ғасырда көне корей тілінде жазылған көптомдық жинақтың мән-маңызына айырықша тоқталды. 

WhatsApp Image 2025-11-03 at 10.53.19 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-11-03 at 10.53.17.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-03 at 10.53.20.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-03 at 10.53.17 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-11-03 at 10.53.18.jpeg

Сапардың негізгі мақсаты - корё-сарам қауымдастығымен бірге «Тәуелсіздік армиясы: Аяқталмаған соғыс» атты деректі фильмнің арнайы көрсетілімін тамашалау. Аталған кинотуындыда Корей түбегіне қоныс тепкен халықтың тәуелсіздік жолындағы күресі және генерал Хон Бом Доның көзсіз ерлігі кеңінен дәріптеледі.  
Кездесу екі ел арасындағы мәдени және білім беру бағытындағы байланыстарды одан әрі дамытуға серпін берді.

WhatsApp Image 2025-11-03 at 10.53.23.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-03 at 10.53.21.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-03 at 10.53.21 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-11-03 at 10.53.22.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-03 at 10.53.19.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...