«Жауқазын» студенттік театры «Мәңгілік бала бейнені» сахналады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 06 қараша 2025
  • 91

«Жауқазын» студенттік театры «Мәңгілік бала бейнені» сахналады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Жауқазын» студенттік театрының репертуары жаңа қойылыммен толықты. Бұл жолы өнерлі жастар белгілі драматург Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» атты шығармасын сахналады.
Көрермен назарына ұсынылған қойылым – ХХ ғасырдың ең ауыр да қасіретті кезеңдерінің бірі – Семей ядролық полигоны зардабынан жапа шеккен ұлт трагедиясын бейнелейді. Басты кейіпкер Ләйләның тағдыры арқылы қазақ халқының жан жарасы, аналардың көз жасы мен болашаққа деген үміт оты көрініс тапты.

WhatsApp Image 2025-11-06 at 09.45.45 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-11-06 at 09.45.45 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-11-06 at 09.45.47 (1).jpeg

Студенттердің актерлік шеберлігі мен сахна мәдениеті көрермен тарапынан жоғары бағаланды. Қойылым барысында сезімге толы сәттер мен терең ойға жетелейтін көріністер студент жастарды бейжай қалдырмады.

WhatsApp Image 2025-11-06 at 09.45.47 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-11-06 at 09.45.48.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-06 at 09.45.48 (1).jpeg

«Жауқазын» студенттік театрының жетекшісі қойылымның негізгі мақсаты – жастардың ұлттық рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру және өнер арқылы адамгершілік, мейірім сынды қасиеттерді дәріптеу екенін атап өтті.

WhatsApp Image 2025-11-06 at 09.45.47.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-06 at 09.48.35.jpeg

Кеш соңында көрермендер жас актерлерге алғыстарын білдіріп, ыстық ықыласқа бөледі.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...