Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті QS Asia University Rankings 2026 рейтингінде ТОП-593 қатарына енді!
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 06 қараша 2025
  • 95

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті QS Asia University Rankings 2026 рейтингінде ТОП-593 қатарына енді!

Азия құрлығындағы ең беделді рейтингтердің бірі — QS Asia University Rankings 2026 нәтижелері жарияланды. Ағымдағы жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жалпы азиялық университеттер арасында ТОП-593 көрсеткішіне қол жеткізді.
Аталған рейтингке биыл 25 елден 1538 университет кірді — бұл өткен жылмен салыстырғанда жаңа 597 жоғары оқу орнымен қосылып,  рейтинг тарихындағы ең ауқымды кеңею болып табылды. Рейтингке ең көп енген мемлекеттер қатарында: 🇨🇳 Қытай, 🇮🇳 Үндістан, 🇯🇵 Жапония, 🇰🇷 Оңтүстік Корея, 🇹🇼 Тайвань, 🇭🇰 Гонконг, 🇸🇬 Сингапур, 🇵🇰 Пәкістан, 🇮🇷 Иран және т.б. Орталық Азия мемлекеттері ішінде Қазақстан — ең көп рейтингке енген мемлекеттер қатарынан көрініп отыр. Біздің университет төмендегі негізгі көрсеткіштер бойынша жоғары нәтижеге ие болды: шетелдік оқытушылар үлесі, шетелдік студенттер үлесі, профессор-оқытушылар құрамының студенттерге арақатынасы.
Алдағы уақытта позицияны сақтап, одан әрі жақсарту үшін мына бағыттарда жұмыстар жалғасады: академиялық бедел, жұмысберушілер арасындағы бедел, PhD дәрежесі бар қызметкерлер үлесі, бір ғылыми мақалаға шаққандағы дәйексөздер саны.
Бұл нәтиже — Университеттің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асырудағы тұтастықтың, кәсібиліктің және ынтымақтастықтың айқын көрінісі.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...