«Асханаға арналған ғимаратты жалға беру» байқауы туралы хабарлама
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 12 қараша 2025
  • 192

«Асханаға арналған ғимаратты жалға беру» байқауы туралы хабарлама

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ «Студенттік асханаға арналған ғимаратты жалға беру» байқауын өткізу туралы хабарлайды:

1. Студенттік асханаға арналған ауданы 126,02 шаршы метр тұрғын емес ғимарат, орналасқан жері: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29А, бас ғимарат аумағында. Бір айға жалға алу ақысы 320 000 (үш жүз жиырма мың) теңге. Жалға алу ақысының құнына коммуналдық қызметтердің (электрмен, сумен және жылумен жабдықтау) құны кірмейді.

Байқау туралы толық ақпарат және талаптар хабарламаға тіркелген тұрғын емес ғимараттарды мүліктік жалдауға (жалға беруге) беру қағидаларында көрсетілген.

Әлеуетті қатысушылар байқау құжаттары мен бағалық ұсыныстарын келесі мекенжайға: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ бас ғимараты, №214 кабинет, Экономика және жоспарлау бөліміне, 2025 жылғы 24 қараша күні сағат 10:00-ге дейін жабық конвертте жібереді.

Әлеуетті қатысушылардың байқауға қатысуға арналған конкурс өтінімдерімен конверттерді ашу бойынша конкурс комиссиясының отырысы 2025 жылғы 24 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де келесі мекенжайда өтеді: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ бас ғимараты.

Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады:

8 (7242) 27-04-81,

8-778-281-48-38


Тұрғын емес үй-жайларды мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін ережелер 2025

Тұрғын емес үй-жай алаңын жалдау шартының жобасы

Өтінім нысаны

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...