АРТА сыртқы сараптау комиссиясының Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне сапары
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 17 қараша 2025
  • 151

АРТА сыртқы сараптау комиссиясының Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне сапары

2025 жылғы 12-14 қараша аралығында университетте бакалавриаттың 20 білім беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің сыртқы сараптау комиссиясы жұмыс істеді. Оның ішінде Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетімен және Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтымен 6 бірлескен білім беру бағдарламасы; Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетімен және Мәскеу авиация институтымен 3 қос дипломды білім беру бағдарламасы, сондай-ақ педагогикалық бағыттағы 11 IP білім беру бағдарламасы қамтылды.

WhatsApp Image 2025-11-17 at 10.02.35.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-17 at 10.02.34 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-11-17 at 10.02.34 (4).jpeg

Сапар барысында сарапшылар Басқарма төрағасы-ректормен, проректорлармен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, институт директорларымен және кафедра меңгерушілерімен, профессор-оқытушылар құрамымен, білім алушылармен кездесулер өткізді. Кездесулерге серіктес жоғары оқу орындарының өкілдері де қатысты.

Сарапшылар Студенттер сарайына, 1,9 және 5 оқу ғимаратының аудиториялық зертханалық қорына барып, университеттің материалдық-техникалық базасымен танысты. Сондай-ақ, сарапшылар аккредиттеуден өтетін БББ-лардың практика базаларына барып, сабақтарға қатысып, құжаттамамен жұмыс жасады.

WhatsApp Image 2025-11-17 at 10.02.34 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-11-17 at 10.02.34.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-17 at 10.02.34 (3).jpeg

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...