Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде алғаш рет өзіндік үлгідегі докторлық дипломдар табысталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 02 қыркүйек 2022
  • 1759

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде алғаш рет өзіндік үлгідегі докторлық дипломдар табысталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде докторантураны тәмамдап, дисертацияны сәтті қорғаған 3 білім алушыға  «PhD докторы» ғылыми атағы берілді.
Салтанатты шараны университеттің Басқарма Төрағасы-Ректоры Бейбіткүл Кәрімова  арнайы құттықтау сөзімен ашып, докторанттарға сәттілік тіледі.
«PhD докторы» ғылыми атағы «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша Лиза Жүсіповаға, «Бизнес және басқару» бағыты бойынша Алия Разаковаға және «Сәулет және құрылыс» мамандығының түлегі Көктем Ерімбетовке табысталды.
 «Қазіргі таңда ғылыммен айналысып, жаңа бастамаларды жүзеге асырамын деген кез келген жасқа мүмкіндік көп. Жаһандану заманында ғылымның дамуы – мемлекеттің дамуы. Сондықтан білім алушыларды ғылыми жаңалықтар, өңіріміздің, еліміздің дамуы үшін тың бастамалар ашуға шақырамын»,- деді PhD доктор Алия Разакова.
PhD дипломдарын тапсыру рәсімінде университет проректорлары мен құрылым басшылары, оқытушы-профессорлар мен ата-аналар қатысып, құттықтау лебіздерін білдірді.

IMGL7673.JPG

news.JPG

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...