Қорқыт ата университетінің студенті әлем чемпионы атанды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 01 желтоқсан 2025
  • 214

Қорқыт ата университетінің студенті әлем чемпионы атанды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 4-курс студенті Нұрасыл Тілектесов Абу-Дабиде өткен ересектер арасындағы кикбоксингтен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Биылғы дүбірлі додаға 85 елден 1964 спортшы қатысқан. Ал Қазақстан құрамасы сапында бақ сынаған 49 спортшы жалпы есепте 3 алтын, 10 күміс және 7 қола медаль иеленіп, ел намысын абыроймен қорғады.

WhatsApp Image 2025-12-01 at 08.59.28 (1).jpeg    WhatsApp Image 2025-12-01 at 08.59.28.jpeg

WhatsApp Image 2025-12-01 at 08.59.27.jpeg

Нұрасыл Тілектесов фулл-контакт бөлімінде үздік шығып, чемпион атанды. Ол спортпен 6 жасынан бері айналысып келеді. Бұған дейін де бірнеше мәрте әлем және халықаралық деңгейдегі жарыстарда топ жарып, еліміздің көк байрағын биікте желбіретіп жүрген дарынды спортшы.

Қорқыт ата университетінің ұжымының атынан Нұрасылды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! 
Бұл жетістік – университетіміздің ғана емес, тұтас елдің абыройын асқақтатқан қуаныш.
Алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектестік білдіреміз.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...