Оксфорд профессоры Сыр өңірінде орналасқан ежелгі мекендеу орталарына ғылыми қызығушылық танытуда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 01 желтоқсан 2025
  • 170

Оксфорд профессоры Сыр өңірінде орналасқан ежелгі мекендеу орталарына ғылыми қызығушылық танытуда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Бейбіткүл Каримова Оксфорд профессоры Эшли Харуданы қабылдады.

Оксфорд университеті археология орталығының зерттеу жетекшісі Эшли Харуда Сыр өңіріне ежелгі Жанкент қалашығына зооархеологиялық зерттеу жүргізу мақсатында келген. Экспедиция барысында байырғы қолға үйретілген жануарларының қалдықтары табылып, құнды жәдігерлер кезіккен.

IMGL8887.jpg

IMGL8933.jpg

IMGL9154.jpg

IMGL9164.jpg

Кездесуде ірі ғылыми жобаны одан әрі бірлесе жүзеге асыру тетіктері талқыланды. Қызылорда облысы аумағында орналасқан ортағасырлық мекендеу орталары мен жергілікті фаунаны аса қызығушылықпен зерттеген Оксфорд профессоры ғылыми серіктестікке шақырды. Шетелдік археолог сондай-ақ жоғарыда аталған жобаның жемістілігіне үлкен үміт артатынын жеткізді.

Ректор, өз кезегінде, бұл жобаның тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің археологиялық мұрағатын кеңейтіп, ата-бабаларымыздың өмір сүру салтына толық қанығуымызға зор үлес қосатыны сөзсіз екенін айтты.

Жиын соңында қос тарап өкілдері өзара уағдаластыққа қол жеткізіп, бірлесіп жұмыс жасау жөнінде мәміле жасасты.

IMGL9188.jpg

IMGL9223.jpg

IMGL9235.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...