Болашақ заңгерлер ЖИ арқылы заң көмегін алу мүмкіндігін талқылады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 02 желтоқсан 2025
  • 247

Болашақ заңгерлер ЖИ арқылы заң көмегін алу мүмкіндігін талқылады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 5 желтоқсан Адвокаттар күніне орай «Жасанды интеллект және заң көмегі: қазақстандықтар ЖИ арқылы заң көмегін ала алады ма?» тақырыбында дебат өтті.
Іс-шараны Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Құқықтану» білім беру бағдарламасы мен «АМАНАТ» партиясы Қызылорда қалалық филиалы бірлесе ұйымдастырды.
Дебатқа «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушылары қатысып, жасанды интеллектті заң көмегіне енгізудің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады. Пікірталасқа Қызылорда облыстық Адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат Алмат Тұрғанбаев, сондай-ақ 3 курстың белсенді студенті Ұлан Амангелді сарапшы ретінде қатысып, қатысушылардың ой-пікірлеріне баға берді.

WhatsApp Image 2025-12-02 at 15.16.26.jpeg     WhatsApp Image 2025-12-02 at 15.16.26 (2).jpeg

Сайыс қорытындысы бойынша Ю-23-5 оқу тобы – «Үздік ЖИ білгірлері»,  Ю-23-5 оқу тобы – «Үздік заңгерлік кеңес білгірлері» номинацияларымен марапатталып, Қызылорда облыстық Адвокаттар алқасының төрағасы Мейірбек Даубалаевтың Алғыс хаты табысталды.
Сонымен қатар, Данияр Төлеген (Ю-23-5) – «Үздік шешен», Омар Айназар (Ю-23-3) – «Үздік спикер», Нұрсая Орынбасар– «Үздік модератор» номинацияларымен және «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, облыстық мәслихат депутаты Гүлшат Мұсаеваның Алғыс хатымен марапатталды.

WhatsApp Image 2025-12-02 at 15.16.24.jpeg      WhatsApp Image 2025-12-02 at 15.16.25.jpeg

Іс-шара барысында студенттер жасанды интеллекттің құқық саласындағы рөлі, мүмкіндіктері мен шектеулері туралы өз көзқарастарын жан-жақты дәлелдеп, жоғары деңгейдегі пікірталас жүргізді. Дебат студенттердің құқықтық мәдениетін, сыни ойлауын және пікірталас дағдыларын дамытуға маңызды үлес қосты.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru



Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...