Азиза Шужееваның Қорқыт ата университетіне жұмыс сапары
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 03 желтоқсан 2025
  • 110

Азиза Шужееваның Қорқыт ата университетіне жұмыс сапары

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Азиза Шужеева Сыр өңіріне сапары аясында білім ордасының жұмысымен танысты. Азиза Тимурқызы университет проректорларымен жеке кездесу өткізіп, стратегиялық даму, корпоративтік басқару, цифрландыру, ғылыми-зерттеу қызметі және білім беру сапасын арттыру бағыттарын саралады. 
Сонымен қатар құрылымдық бөлімше жетекшілері, профессор-оқытушылар құрамы және студенттік ұйым өкілдерінің атқарған жұмыстарымен танысқан Азиза Шужеева негізгі стратегиялық бағыттарды пысықтап алды. 

IMGL9382.jpg

IMGL9407.jpg

IMGL9423.jpg


                   Талқыланған негізгі бағыттар:
– университеттің 2025–2029 жылдарға арналған стратегиялық даму мақсаттары;
– білім беру бағдарламаларының өзектілігі және еңбек нарығымен байланысы;
– ғылым, жобалық менеджмент және НИОКР-дың жаңа мүмкіндіктері;
– корпоративтік басқару мәдениетін жетілдіру;
– цифрландыру, Data Management, киберқауіпсіздік және цифрлық сервистерді дамыту перспективалары;
– тәуекел-менеджмент пен ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі.

IMGL9537.jpg

IMGL9551.jpg

IMGL9570.jpg

IMGL9582.jpg

IMGL9628.jpg

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға Директорлар кеңесінің мүшесі Азиза Тимурқызы, университеттің Басқарма Төрағасы - Ректоры Бейбіткүл Каримова қатысты.

Басқосуда университеттің стратегиялық дамуына, корпоративтік басқару сапасын арттыруға және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды мәселелер қаралды. Азиза Тимурқызы қаралған құжаттар бойынша кәсіби пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, қабылданған шешімдердің мазмұнын талқылауға белсенді түрде атсалысты.

IMGL9647.jpg

IMGL9741.jpg

IMGL9765.jpg

IMGL9357.jpg

Директорлар кеңесінің мүшесі Азиза Шужеева жұмыс сапары аясында студенттердің теориялық білімдерін кәсіби құзыреттіліктермен ұштастыруға бағытталған оқу-өндірістік тәжірибе базасы, ғылыми және инновациялық инфрақұрылымы, зертханалар мен ғылыми-зерттеу орталықтары және жаңа заманауи кейіпке еніп жатқан кітапханадағы жаңғырту жұмыстарымен танысты.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...