Педагогикалық бағыттағы студенттер біліктілігін арттырды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 05 желтоқсан 2025
  • 86

Педагогикалық бағыттағы студенттер біліктілігін арттырды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларының 4-курс студенттері 10 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығы мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен өткен «Педагог идентификациясы: құзіреттілік және біліктілік» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсына қатысты.
Курс барысында студенттер заманауи білім беру саласындағы инновациялық идеялармен, тиімді оқыту әдістемелерімен, критериалды бағалау жүйесімен танысты. Сонымен қатар болашақ педагогтарға кәсіби құзіреттіліктер мен практикалық дағдыларды дамыту бағытында жан-жақты ақпарат берілді.

WhatsApp Image 2025-12-05 at 15.58.38.jpeg

WhatsApp Image 2025-12-05 at 15.58.38 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-12-05 at 15.58.37 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-12-05 at 15.58.39.jpeg

WhatsApp Image 2025-12-05 at 15.58.47.jpeg

Ректордың міндетін атқарушы Дана Абдрашева курс қатысушыларымен кездесіп, жобаның маңыздылығына тоқталды. Ол бұл курс университет студенттерінің алғашқылардың бірі болып қатысуымен ерекшеленетінін, курстың дайындық жұмыстары жаз айларынан бастап жүргізілгенін атап өтті.

WhatsApp Image 2025-12-05 at 15.58.41.jpeg

WhatsApp Image 2025-12-05 at 15.58.44 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-12-05 at 15.58.42.jpeg

WhatsApp Image 2025-12-05 at 15.58.47 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-12-05 at 15.58.46.jpeg

Біліктілікті арттыру курсы үш кезеңнен тұрды:

Бірінші кезеңде студенттер 72 академиялық сағат көлемінде оффлайн форматта дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға қатысты;
Екінші кезеңде курстан алған білімдері мен дағдыларын орта мектептер базасында өтетін мемлекеттік практика барысында қолданды;
Үшінші кезеңде студенттер тәжірибе жинақтау және қорыту конференциясына қатысып, өздерінің рефлексивті практикалық тәжірибелерімен бөлісті.
Курс соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Аталған курс болашақ педагогтардың кәсіби дамуына серпін беріп, білім беру жүйесіндегі заманауи талаптарға бейімделуіне мүмкіндік жасады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...