Қаржыны тиімді басқару мен киберқауіпсіздік: «Күміс университет» жобасы жалғасуда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 05 желтоқсан 2025
  • 67

Қаржыны тиімді басқару мен киберқауіпсіздік: «Күміс университет» жобасы жалғасуда

Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Күміс университет» жобасы бойынша «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» арналған 10 сағаттық «Заманауи қаржыны басқару: киберқауіпсіздік, цифрлық төлемдер және жеке бюджет» бағдарламасы семинар-тренинг өткізілді. 

IMGL0672.jpg

IMGL0660.jpg

IMGL0704.jpg

IMGL0710.jpg

Семинар-тренингті «Қаржы, есеп және аудит» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Макенова Айгүл Акимжанқызы жүргізді.
Оқыту барысында қазіргі қоғамда өзекті болып отырған қаржылық және цифрлық қауіпсіздік мәселелері жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда:
Онлайн банкинг және QR-төлемдердің заманауи рөлі. Қолма-қол ақшасыз төлемдердің артықшылықтары, қауіпсіз қолдану жолдары түсіндіріліп, қаржылық интернет-алаяқтықтан қорғану, жалған сілтемелер, фишингтік шабуылдар, әлеуметтік инженерия әдістері және олардан сақтану тетіктері қарастырылды. Сонымен қатар, жеке деректерді қорғау мәдениеті, цифрлық ортадағы жеке ақпараттың қауіпсіздігі, құпия сөздер мен екі факторлы аутентификацияның маңыздылығы айтылды. Зейнетақы және әлеуметтік төлемдер бойынша цифрлық сервистер және egov, mobile app қызметтері арқылы төлемдер мен өтініштерді рәсімдеу мүмкіндіктері таныстырылды.

IMGL0732.jpg

IMGL0740.jpg

IMGL0750.jpg

IMGL0765.jpg

Семинар соңында Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының жетекшісі Нұрхан Абдиқалықов қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстап, аға буын аға-апаларымызға  сәттілік тіледі.
Кездесу соңында сұрақтар қойылып, пікір алмасты. Сондай-ақ, ем алып жатқан ем алушылар университет ұжымына шынайы ризашылықтарын білдірді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...