UI GreenMetric 2025: Қорқыт ата университеті әлемдік тізімде
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 05 желтоқсан 2025
  • 121

UI GreenMetric 2025: Қорқыт ата университеті әлемдік тізімде

UI GreenMetric 2025 жылғы World University Rankings (WUR) рейтингісінің 15-ші шығарылымының нәтижелерін ресми түрде жарияланды.. Бұл рейтингке 105 елден 1 745 университет қатысып, университеттердің экологиялық тұрақтылығын бағалаудағы жаһандық платформаның бірі болып табылады. Биыл Қазақстаннан 30 университет рейтингке енді.

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша Қорқыт Ата Қызылорда университеті 1259-шы орынды иеленді. Бұл нәтиже – біздің тұрақты дамуға деген өсіп келе жатқан бейімділігіміз бен үздіксіз күш-жігеріміздің айқын көрінісі. Рейтингтегі орнымыз бізге жаһандық және аймақтық деңгейде өз позициямызды бағалауға, әрі қарай дамудың нақты бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Орталық Азия елдері теңіз жолына шығуға мүмкіндігі жоқ аймақ болғандықтан, экологиялық тұрақтылық – ұлттық стратегиялық басымдық болып табылады. Су тапшылығы, климат өзгерістеріне бейімділік, шектеулі табиғи ресурстар – университеттердің жасыл және тұрақты қоғамдарды қалыптастырудағы стратегиялық бастамаларында ерекше рөлі бар.

Қорқыт Ата Қызылорда университеті осы аймақтағы қиындықтарға белсенді жауап беріп, стратегиялық даму бағыттарына сәйкес:

Кампусты «жасылға» айналдыру

Ресурстарды жауапкершілікпен басқару

Тұрақтылыққа қатысты жаңа бастамаларды іске асыру саласында маңызды қадамдар жасап келеді.

UI GreenMetric рейтингісі университеттерді алты негізгі көрсеткіш бойынша бағалайды:

* Инфрақұрылым тұрақтылығы

* Энергетика және климат өзгерістері

* Қалдықтарды басқару

* Су ресурстарын сақтау

* Көлік

* Тұрақты даму саласындағы білім беру және зерттеулер

Профессорлық-оқытушылық құрам, қызметкерлер мен барлық бөлімшелерді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің адалдығыңыз, үйлесімді жұмысыңыз бен жоғары жауапкершілігіңіз арқасында университетіміз биылғы рейтингте лайықты орын алды.

Қорқыт Ата университеті Орталық Азияның жасыл болашағына үлес қосуды жалғастыра береді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...