Қорқыт ата университетінің профессоры Беларусьта дәріс оқуда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 12 желтоқсан 2025
  • 165

Қорқыт ата университетінің профессоры Беларусьта дәріс оқуда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры Рахат Құрманбаев «Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің» «Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында дәрістер оқуда.
Ғалым «Табиғаттанушылық білім беру» мамандығының студенттері мен магистранттарына «Жаһандық экологиялық проблемалар: өткені, қазіргісі және болашағы (Арал теңізінің экологиялық апаты мысалында)» тақырыбында дәріс оқып, экологиялық мәселелерді шешудегі ғылыми көзқарастармен бөлісуде.

WhatsApp Image 2025-12-12 at 09.29.47.jpeg

WhatsApp Image 2025-12-12 at 09.29.46.jpeg

Сапар барысында оқу ісі жөніндегі проректор Вероника Радыгина және «Жаратылыстану» факультетінің деканы Галина Скриган екі университет арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында бірлескен іс-шаралар мен жобаларды талқылады.

WhatsApp Image 2025-12-12 at 09.29.47 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-12-12 at 09.29.48 (1).jpeg

Келесі оқу жылында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Биология» білім беру бағдарламасының магистранттары үшін Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жоспарлануда.

WhatsApp Image 2025-12-12 at 09.29.48 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-12-12 at 09.29.48.jpeg

Бұл – халықаралық әріптестікті дамытуға және жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.


Медиа центр Кызылординского университета имени Коркыт ата
Контактный телефон: 8(7242) 26-21-34
e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...