Сырбойылық ғалым Германияда неміс тілінде докторлық диссертация қорғады  
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 19 желтоқсан 2025
  • 296

Сырбойылық ғалым Германияда неміс тілінде докторлық диссертация қорғады  

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Археология және этнография ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Гүлмира Темірболатқызы Әмірғалина Тюбингендегі Эберхард Карл университетінің философия факультетінде «Ерте ортағасырлық Жанкент қаласының керамикасы аймақтық контексте» тақырыбы бойынша докторлық диссертациясын қорғады. 

WhatsApp Image 2025-12-19 at 10.13.53.jpeg

WhatsApp Image 2025-12-19 at 10.13.55.jpeg

WhatsApp Image 2025-12-19 at 10.13.54 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-12-19 at 10.13.54.jpeg

Зерттеу нысаны: Жанкент қаласының керамика кешені, керамика техникасы және технологиясы.
Негізгі ғылыми жетекшісі: профессор, доктор Хайнрих Харке (Тюбинген, Германия).
Екінші ғылыми жетекшісі: профессор, доктор Наташа Мелер (Тюбинген, Германия).
Ғылыми кеңесшісі: профессор, доктор Ирина Аркадьевна Аржанцева (Ресей, Мәскеу)
Комиссия төрағасы: профессор, доктор Мартин Бартельхайм.
Комиссия мүшелері: профессор, доктор Хайнрих Харке, профессор, доктор Наташа Мелер, профессор, доктор Сюзанна Грейфф, профессор, доктор Райко Краус.

Сонымен қатар Әмірғалина Г.Т. Берлин қаласындағы Археология институтында «Көне керамика» тақырыбы бойынша, Майнц қаласының Рим-Герман орталық музейінде "Көне керамиканың қайта қалпына келтіру" және «Кельт тайпаларының керамикасы» тақырыптар бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен болатын.

Эберхард Карл университеті диссертациялық кеңесінің шешімімен  Әмірғалина Гүлмира Темірболатқызына  философия докторы (PhD) атағы берілді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...