Қорқыт ата университетінің өкілдері Кореядағы халықаралық форумға қатысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 22 желтоқсан 2025
  • 137

Қорқыт ата университетінің өкілдері Кореядағы халықаралық форумға қатысты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдері Корея Республикасының Сеул қаласында өткен «Педагогтарды шетелге жіберу бағдарламасы: жетістіктері мен болашағы» атты халықаралық форумға қатысты.

Аталған шараға университет атынан корей тілі оқытушысы Лим Хемин, сондай-ақ корей тілі білім алушылары Айғаным Жамалова, Аружан Бисен, Снежана Кан, Ботагөз Казбек, Жәния Орманбек және «Шетел тілдері және аударма» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Ұлжан Бекназарова арнайы шақыртумен қатысып, форум жұмысына белсенді атсалысты.

Форум барысында корей тілін оқытудағы үздік тәжірибелер, студенттердің тілдік, мәдениетаралық және академиялық жетістіктері, сондай-ақ халықаралық білім беру жобалары мен тәжірибеге негізделген оқыту әдістері ұсынылды.

af352909-7213-4e2d-b279-8dc5c44681a8.jfif

1738a9ac-0b74-48ff-8400-a6672b9fc2a5.jfif

Университет оқытушысы Лим Хеминнің студенттермен жүргізген нәтижелі жұмысы, оларды түрлі байқауларға дайындауы және халықаралық деңгейдегі жетістіктері жоғары бағаланып, «Ең үздік оқытушы» номинациясымен марапатталды.

Іс-шара аясында қатысушылар шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасып, халықаралық білім беру үрдістерімен танысты және екіжақты ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады.

Бұл сапар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің халықаралық білім кеңістігіндегі беделін арттырып, корей тілі білім алушылары үшін үлкен мотивация мен тәжірибе алаңына айналды.

Сонымен қатар, университеттің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнура Бурибаева атынан Корей Ұлттық халықаралық институтына Алғыс хат табысталды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...