Жастардың жаһандық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған кездесу өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 желтоқсан 2025
  • 113

Жастардың жаһандық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған кездесу өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде студент жастардың академиялық және кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған тағылымды кездесу ұйымдастырылды. 
Кездесуге Bolashaq халықаралық стипендиясының иегері, АҚШ университеттеріне түсу бойынша ментор, Экономика және басқару білім беру бағдарламасының оқытушысы Жанна Аманова, Bolashaq стипендиаты, IELTS оқытушысы, шетелдік университеттерге түсу бойынша кеңесші, Жасанды интеллект институтының директоры орынбасары Асхат Елтаев және abc+ жеке тіл мектебінің негізін қалаушы, тілдік орталықтарды ашу және дамыту бойынша ментор Раушан Амангелді, студенттер қатысты.

IMGL2934.jpg

IMGL2990.jpg

IMGL3002.jpg

Шара барысында білім беру, халықаралық бағдарламалар, тілдік дайындық және жасанды интеллект саласында табысты еңбек етіп жүрген мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу барысында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, шетелде білім алу, тіл үйрену, мансап құру және заманауи технологиялар тақырыптарында пайдалы ақпарат алды. Ашық диалог форматында өткен іс-шара жастардың мотивациясын арттырып, болашақ мақсаттарын айқындауға үлкен серпін берді.

WhatsApp Image 2025-12-23 at 17.36.16.jpeg

IMGL3015.jpg

Айта кетсек, мұндай тағылымды басқосулар студент жастардың білімге деген құштарлығын арттырып, олардың жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына зор ықпал етеді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...