Ибадулла Таутенов 70 жаста
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 06 қаңтар 2026
  • 212

Ибадулла Таутенов 70 жаста

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде белгілі ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Ибадулла Айғалиұлы Таутеновтың 70 жасқа толған мерейтойына арналған ғылыми кеңестің салтанатты мәжілісі өтті.

Жиынға зиялы қауым өкілдері, ұйым басшылары, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, әріптестері мен ғалымның жақындары қатысты.

Іс-шарада Ректордың міндетін атқарушы Дана Абдрашева мерейтой иесінің өмір жолы мен ғылым саласына қосқан елеулі еңбегін атап өтіп, Ибадулла Айғалиұлының өңірдің аграрлық ғылымының дамуына сіңірген үлесін жоғары бағалады. Университет атынан ғалымға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Құрметті профессоры атағы мен мерейтойлық адресат табысталды.

IMGL4154.jpg

IMGL4174.jpg

IMGL4202.jpg

Профессор еңбек жолын 1977 жылы Тереңөзек ауданындағы «Қазақ ССР-ның 50 жылдығы» атындағы кеңшарда аға агроном болып бастаған. Кейін ғылымға бет бұрып, 1979 жылдан бастап «Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтында» қызмет етті. 1983 жылы Мәскеу қаласындағы Д.Н.Прянишников атындағы Бүкілодақтық тыңайтқыш және агротопырақтану ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын тәмамдап, кандидаттық диссертациясын қорғады.

Ғалымның қызмет жолы аграрлық ғылым мен білім беру саласындағы табысты еңбектерімен ерекшеленеді. Ол Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлері институтында, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде кафедра меңгерушісі, тестілеу орталығының бастығы, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор қызметтерін атқарды.

IMGL4346.jpg

IMGL4314.jpg

IMGL4358.jpg

2005 жылы «Минеральное питание и продуктивность риса в Казахстанском Приаралье» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Сондай-ақ, ол ауыл шаруашылығы дақылдарының бес жаңа сортының шығуына, төрт жаңа технология әзірлеуге, сондай-ақ 15-тен астам патент пен авторлық куәліктердің алынуына тікелей үлес қосқан.

Ғалымның жетекшілігімен 30 магистр мен 6 PhD докторы даярланды. Қазіргі таңда да оның басшылығымен жас зерттеушілер ғылыми жобалар жүргізіп келеді.
Ибадулла Айғалиұлының еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланған. Ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталған. Сонымен қатар, Елбасы Н.Назарбаевтың, облыс әкімдерінің, министрліктер мен түрлі ұйымдардың Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарының иегері.

IMGL4482.jpg

IMGL4389.jpg

IMGL4439.jpg

IMGL4510.jpg

Ғалым 2024-2026 жылдары гранттық қаржыландыру аясындағы «Қазақстанның Арал өңірі күріш жүйелерінің тұзды топырақтарында дәндік құмайдың отандық және шетелдік селекциясы сорттарын экологиялық сынау» тақырыбындағы ғылыми жобаны жетекшілік етуде.
Салтанатты жиын соңында әріптестері мен шәкірттері ғалымға ізгі тілектерін білдіріп, оның ғылым мен білім саласындағы қажырлы еңбегіне алғыс айтты.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...