«Сергектік және денсаулық – 2026» спартакиадасы тартысты өтуде
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 08 қаңтар 2026
  • 135

«Сергектік және денсаулық – 2026» спартакиадасы тартысты өтуде

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасындағы «Сергектік және денсаулық – 2026» спартакиадасы биыл 50-ші рет өткізілуде.
Мерейлі жылдағы спорттық додаға 6 команда қатысып, 8 спорт түрі бойынша бақ сынауда. Қатысушылар шахмат, үстел теннисі, арқан тарту, жүзу, волейбол, тоғызқұмалақ, пневматикалық мылтық ату және футзал секілді спорт түрлерінде өз шеберліктерін көрсетіп, ұйымшылдық пен спорттық рухты дәріптеуде. 
Жарыстың алғашқы кезеңдерінің қорытындысы бойынша шахматтан Инженерлі-технологиялық институты бірінші орын иеленсе, Педагогика және дәстүрлі өнер институты екінші, Жаратылыстану институты үшінші орынға тұрақтады.

WhatsApp Image 2026-01-08 at 15.35.30 (6).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-08 at 15.35.30 (4).jpeg

Үстел теннисінде Педагогика және дәстүрлі өнер институты үздік шығып, Жаратылыстану институты екінші, ал Ректорат командасы үшінші орынды иеленді. 
Арқан тарту сайысында Инженерлі-технологиялық институты тағы да бірінші орыннан көрініп, Жаратылыстану институты екінші, Ректорат командасы үшінші орынды еншіледі. 
Жүзу жарысында Педагогика және дәстүрлі өнер институты үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленсе, кейінгі орындар Жаратылыстану институты мен Инженерлі-технологиялық институтына бұйырды.

WhatsApp Image 2026-01-08 at 15.35.30 (5).jpeg

Әйелдер арасындағы волейбол сайысында Жаратылыстану институты жеңімпаз атанып, Экономика және құқық институты екінші, Ректорат командасы үшінші орынға ие болды.
Ерлер арасындағы волейболда Педагогика және дәстүрлі өнер институты бірінші орынға иеленсе, Инженерлі-технологиялық институты екінші, Ректорат командасы үшінші орынға табан тіреді. Тоғызқұмалақтан Инженерлі-технологиялық институты бірінші орынды жеңіп алып, Гуманитарлық-педагогикалық институты екінші, Ректорат командасы үшінші орынды иеленді. 
Қазіргі таңда пневматикалық мылтық ату және футзал жарыстары жалғасуда. 
Дәстүрлі спартакиада университет ұжымының салауатты өмір салтын ұстануын, денсаулықты нығайтуды және бірлікті арттыруды мақсат етеді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...