Мәжіліс депутаты Жасанды интеллект институтымен танысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 09 қаңтар 2026
  • 78

Мәжіліс депутаты Жасанды интеллект институтымен танысты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіндегі Жасанды интеллект институтының жұмысымен танысты.

Университеттің Басқарма Төрағасы - Ректордың міндетін атқарушы Дана Абдрашева білім ордасының әлеуеті мен қолға алынған жобалар жөнінде шолу жасады. Төменгі палатаға Сыр өңірінен сайланған депутат университеттің заманауи инфрақұрылымын, ғылыми-зерттеу орталықтарын және жаңа технологияларға негізделген оқу-тәжірибелік базасын аралады. Атап айтқанда, жасанды интеллект пен сандық технологиялар саласына бағытталған институттың қызметімен танысып, оның болашақтағы даму перспективалары жайлы пікір алмасты.

IMGL4572.jpg

IMGL4583.jpg

Халық қалаулысы институттың өңірлік және ұлттық деңгейде үлкен маңызға ие екеніне тоқталып, жасанды интеллект – қазіргі заманғы технологиялық дамудың өзегі, сондықтан оны меңгеру мен дамыту елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шешуші рөл атқаратынын атап өтті. 

Мәжіліс депутатымен кездесуде студенттер заманауи технологияларға сүйене отырып, әзірлеген жобаларын ұсынып, олардың мазмұны мен практикалық маңызын жан-жақты таныстырды.

Айта кету керек, IT саласы бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен СеулТех университеті арасында 2 қос дипломдық және 4 бірлескен білім беру бағдарламасы және LUPIC халықаралық жобасы жүзеге асырылуда.

IMGL4623.jpg

IMGL4636.jpg

IMGL4678.jpg

IMGL4641.jpg

Сонымен қатар, 2025–2026 оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 6 студент бір семестрге SeoulTech университетінде білім алуда. Және 2025–2026 оқу жылында 4 студент бір семестрге Бельгия университеттеріне оқуға жіберілді.

Университет соңғы 2 жылда жоғары оқу орындары арасында QS, Times Higher Education, GreenMetric World University Rankings халықаралық рейтингтер қатарына енді.

Кездесу соңында заң шығарушы орган – Парламент депутаты мен оқытушы-профессорлар университеттің алдағы даму жоспарлары жөнінде өзара пікір алмасты.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...