«Сергектік және денсаулық – 2026» спартакиадасы өз мәресіне жетті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 09 қаңтар 2026
  • 93

«Сергектік және денсаулық – 2026» спартакиадасы өз мәресіне жетті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Сергектік және денсаулық – 2026» дәстүрлі спартакиадасының 50 жылдық мерейтойына арналған жабылу салтанаты өтті. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында ұйымдастырылған спорттық дода биыл ерекше мәнге ие болды.

Турнир жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Стратегиялық даму және IT жөніндегі проректор Мұрат Айтимов алғысөз сөйлеп, қатысушыларды мерейлі жеңістерімен құттықтап, салауатты өмір салтын насихаттаудағы белсенділіктерін атап өтті.

Gemini_Generated_Image_y84dewy84dewy84d.png

IMGL4746.jpg

IMGL4782.jpg

IMGL4819.jpg

Жарысқа 6 команда қатысып, 8 спорт түрінен бақ сынады. Қатысушылар шахмат, үстел теннисі, арқан тарту, жүзу, волейбол, тоғызқұмалақ, пневматикалық мылтық ату және футзал сайыстарында өз шеберліктерін көрсетіп, ұйымшылдық пен спорттық рухты дәріптеді.

Апта бойы өткен тартысты сайыстар нәтижесінде жалпыкомандалық есеп бойынша Инженерлі-технологиялық институты бірінші орынды, Жаратылыстану институты екінші орынды, ал Педагогика және дәстүрлі өнер институты үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен кәсіподақ комитеті атынан ақшалай сыйлықтар табысталды.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат еткен елу жылдық тарихы бар дәстүрлі спартакиада университет ұжымының сергектігін арттырып, спортқа деген қызығушылығын күшейтуге үлес қосып келеді.

IMGL4846.jpg

IMGL5008.jpg

IMGL5013.jpg

IMGL5033.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...