Құқық саласындағы өзекті мәселелер ҚазҰУ онлайн-курсында талқылануда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 12 қаңтар 2026
  • 351

Құқық саласындағы өзекті мәселелер ҚазҰУ онлайн-курсында талқылануда

2026 жылғы 12–23 қаңтар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Құқық факультетінің Мемлекет және құқық тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы онлайн-курс ұйымдастыруда. Курс «Қазақстан Республикасының конституциялық және әкімшілік-құқықтық заңнамасының дамуы мәселелері мен перспективалары, 2027 жылғы конституциялық реформалар аясында» тақырыбына арналған.

Курстың мақсаты – тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының конституциялық және әкімшілік құқық саласындағы заңнамасының қазіргі даму үрдістері мен алдағы реформалық бағыттары жөнінде жүйелі әрі терең білім беру, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге бағытталған ғылыми-тәжірибелік көзқарастарды қалыптастыру.

Онлайн-курсқа Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының оқытушылары да қатысып, білімдерін арттыруда.

WhatsApp Image 2026-01-12 at 17.37.12.jpeg

Бүгін «Теориялық-құқықтық» тақырып аясында дәрістер өткізілді. Сабақ барысында құқықтық мемлекет ұғымы, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ жеке деректерді қорғаудың құқықтық негіздері мен өзекті мәселелері кеңінен қарастырылды. Профессор-оқытушылар құрамы тақырыптарды заманауи ғылыми көзқарас пен тәжірибелік мысалдар арқылы түсіндіріп, дәрістер мазмұнды әрі интерактивті форматта өтті. Тыңдаушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, өзекті мәселелер бойынша белсенді пікірталасқа қатысты.

Курс алдағы күндері де жалғасып, қатысушыларды конституциялық және әкімшілік құқық саласындағы өзекті мәселелер мен реформалық өзгерістерге қатысты мазмұнды дәрістер мен талқылаулар күтіп тұр.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...