Қорқыт ата университетінің студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қырғызстанда білім алады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 16 қаңтар 2026
  • 87

Қорқыт ата университетінің студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қырғызстанда білім алады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 3-курс студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінде 1 семестр білім алатын болды.
Екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас өзара тәжірибе алмасу, білім сапасын арттыру және халықаралық серіктестікті дамыту бағытында жоғары деңгейде жүзеге асып келеді.

WhatsApp Image 2026-01-16 at 15.37.38.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-16 at 15.37.38 (1).jpeg

Студенттердің шетелдік оқу сапарына дайындық барысы аясында Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнура Бурибаева студенттермен арнайы кездесу өткізді. Кездесу барысында проректор академиялық ұтқырлық бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, оқу үдерісі мен шетелде болу тәртібі жөнінде кеңінен түсіндірме берді. 
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттердің кәсіби білімін жетілдіруге, халықаралық тәжірибе алмасуға және болашақ маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік бермек.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...