Профессор Бағдат Кәрібозұлының жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 26 қаңтар 2026
  • 187

Профессор Бағдат Кәрібозұлының жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлының «Ғазиз жүрек», «Ұстаз ұлағаты», «Ізденіс іздері» және «Сыр өңірінің фольклорлық антологиясы» атты еңбектерінің тұсаукесері өтті. 
Іс-шараға Ректордың міндетін атқарушы Дана Абдрашева, облыстың зиялы қауым өкілдері, ғалымның отбасы, достары, әріптестері мен шәкірттері қатысты. Жиынды филология ғылымдарының кандидаты, профессор Ғабит Тұяқбаев жүргізді. 

WhatsApp Image 2026-01-26 at 15.29.44 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-26 at 15.29.44 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-26 at 15.31.31.jpeg

Бағдат Кәрібозұлы – 300-ден астам ғылыми-публицистикалық мақалалардың, 10 монография мен бірнеше әдеби-публицистикалық еңбектің авторы. Оның жетекшілігімен жарық көрген 200 томдық «Сырдария кітапханасы» сериясы қазақ әдебиеті мен руханиятына қосылған сүбелі үлес ретінде бағаланады. 
Салтанатты жиында ең алдымен профессор жетекшілігімен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылған үштомдық «Сыр өңірінің фольклорлық антологиясының» тұсауы кесілді. 
Бұл жинаққа Сыр елінің бай ауыз әдебиеті мен халық мұралары топтастырылған. Бірінші томға Жанқожа батыр туралы тарихи жырлар (құрастырушы С.Қосан), екінші томға Сыр өңірінде тараған аңыз-әңгімелер (құрастырушы Ғ.Тұяқбаев), үшінші томға қисса, дастандар (құрастырушы Н.Нұрмаханов) енген. Түркі өркениетінде өзіндік орны бар Сыр өңірі ежелден ұлт руханиятының бесігі саналады. Топырағына Қорқыт қобызының үні сіңген бұл қасиетті өлкеде туып, әлем фольклорының асыл мұрасына айналған талай жауһарлар бар. 

WhatsApp Image 2026-01-26 at 15.29.44.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-26 at 15.29.45 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-26 at 15.29.47 (1).jpeg

Үштомдықтың тұсаукесер рәсімін кәсіпкер-меценат, «Құрмет белгісі», «Құрмет», «Парасат», бірінші дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Самұрат Имандосовқа берілді.  
Жиын барысында профессордың соңғы жылдары жарық көрген еңбектері туралы да жылы пікірлер айтылды. «Ғазиз жүрек» кітабы 2024 жылы жарық көріп, адамгершілік пен парасаттылықты өмір философиясына айналдырған туынды ретінде танылды. «Ұстаз ұлағаты» еңбегі 2025 жылы баспадан шығып, ұстаздық өнеге мен тәрбиенің шежіресіне айналған. 

WhatsApp Image 2026-01-26 at 15.29.46 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-26 at 15.29.46.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-26 at 15.29.45 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-26 at 15.29.45.jpeg

Бұл кітап туралы профессор, «Парасат» орденінің иегері Ұлжан Нахатқызы өз пікірін білдірді. Ал 2026 жылы шыққан «Ізденіс іздері» монографиясында автор жанр теориясы мен поэзиядағы ұлттық характер мәселелерін ғылыми тұрғыда саралаған. Бұл еңбек жайында қауымдастырылған профессор, шәкірті Гүлзира Сапарқызы өз көзқарасын ортаға салды.   
Іс-шара соңында  студенттер ғалымның шығармаларынан монологтар орындап, рухани мазмұнды кештің әсерін тереңдете түсті.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...