Қорқыт ата университетінде профессор Бағдат Кәрібозұлы атындағы дәрісхана ашылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 26 қаңтар 2026
  • 146

Қорқыт ата университетінде профессор Бағдат Кәрібозұлы атындағы дәрісхана ашылды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде профессор, филология ғылымдарының докторы Бағдат Кәрібозұлы атындағы «Әдебиет теориясы» дәрісханасының ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты жиында дәрісхананың лентасын Ректордың міндетін атқарушы Дана Абдрашева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қызылорда ашық университетінің ректоры Қылышбай Бисенов, университет ардагері, техника ғылымдарының докторы, профессор Серікбай Қошқаров және филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлы қиды.

WhatsApp Image 2026-01-26 at 16.07.50 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-26 at 16.07.50 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-26 at 16.07.51 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-26 at 16.07.51.jpeg

Іс-шараға облыстың зиялы қауым өкілдері, оқытушы-профессорлар құрамы, ғалымның әріптестері, достары мен шәкірттері қатысты.
Жиынды Ректордың міндетін атқарушы Дана Абдрашева профессордың еңбегіне жоғары баға беріп, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің, сондай-ақ бірқатар жоғары оқу орындарының ректорларының құттықтау лебіздерін жеткізді. 

WhatsApp Image 2026-01-26 at 16.07.54.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-26 at 16.07.52 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-26 at 16.07.55.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-26 at 16.07.56.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-26 at 16.07.56 (1).jpeg

Сонымен қатар, Бағдат Кәрібозұлының қызы Айнұр Бағдатқызына университеттің ең жоғары марапаты - «Қорқыт Ата атындағы Алтын медалі» табысталды.
Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет құттықтау сөз сөйлеп, облыс әкімінің ыстық ықыласын жеткізді. Сондай-ақ «Аманат» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай да құттықтауын білдіріп, ғалым еңбегінің жастарға үлгі екенін атап өтті. 

WhatsApp Image 2026-01-26 at 16.07.57.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-26 at 16.07.49.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-26 at 16.07.50.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-26 at 16.07.49 (1).jpeg

Шара барысында студент Бағдат Кәрібозұлына арналған арнауын оқып, Марат Сүгірбай Базар жыраудың термесін орындады.
Ашылған дәрісхана – ғалымның өмірін әдебиет пен ғылымға арнаған еңбегіне деген зор құрметтің, ұстаздық ұлағатының айғағы болды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...