Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті терроризмге қарсы жұмыстар және әскери жұмылдыру қызметінің басшысының бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 06 қыркүйек 2022
  • 1872

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті терроризмге қарсы жұмыстар және әскери жұмылдыру қызметінің басшысының бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралымәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Қызмет басшысы білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдарын және жоғары білім беру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін  басқа да нормативтік құқықтық актілерді; тиісті білім салаларының ғылыми және практикалық проблемаларын, ғылым дамуының негізгі бағыттарын; бөлім жұмысына, білім беру процесіне қатысты заңдар, қаулылар, бұйрықтар, өкімдер, стандарттар мен басқа да нормативтік, әдістемелік құжаттарды; оқу процесін ұйымдастырудағы білім беру ұйымдарының озық тәжірибесін; келісімшарттарды жасау және орындау тәртібін; еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен сақтану ережелері мен нормаларын.

Қызмет басшысының біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоо кейінгі) білімі және маманлық бойынша кемінде 5 жыл еңбек өтілі болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.09.2022ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, HR қызметі, 205 каб.; e-mail: otdelkadrov_kgu@mail.ru.

Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: HR қызметі 8(7242)27-86-28.

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...