«Өзіңді білгің келсе» атты тренинг өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 28 қаңтар 2026
  • 55

«Өзіңді білгің келсе» атты тренинг өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Психологиялық қолдау орталығы университеттің “Димаш” жатақханасында тұратын студенттермен “Өзіңді білгің келсе” тақырыбында тренинг ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің өзін-өзі тануына, тұлғалық қасиеттерін дамытуға және ішкі әлеуетін ашуға мүмкіндік беру.

WhatsApp Image 2026-01-28 at 14.50.11.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-28 at 14.50.11 (3).jpeg

Тренинг барысында қатысушыларға проективті әдіс арқылы түрлі психологиялық тапсырмалар берілді. Аталған әдіс студенттердің ішкі жан-дүниесін бейнелі түрде көрсетуге, ой-пікірін еркін білдіруге және өз сезімдерін түсінуге бағытталды. 
Психологиялық қолдау орталығы мамандарының айтуынша, мұндай жаттығулар жастардың эмоционалдық тұрақтылығын арттырып, өз-өзіне сенімді болуына ықпал етеді.
Іс-шара соңында студенттер алған әсерлерімен бөлісіп, тренингтің пайдалы және қызықты өткенін атап өтті.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...