Қорқыт ата университетінің оқытушылары «Senat Open» іріктеу турниріне қатысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 30 қаңтар 2026
  • 85

Қорқыт ата университетінің оқытушылары «Senat Open» іріктеу турниріне қатысты

Қазақстан шахмат федерациясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен шахматтан «Senat Open» ІІІ ашық республикалық кубогы аясында іріктеу турнирін ұйымдастырды.

WhatsApp Image 2026-01-30 at 14.41.08 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-30 at 14.41.07 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-30 at 14.41.08.jpeg

Турнирдің негізгі мақсаты – Қызылорда облысы аумағындағы барлық деңгейдегі депутаттар, саяси қайраткерлер, құқық қорғау және күштік құрылымдар өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, денсаулық сақтау және білім саласы қызметкерлері, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен мәдениет саласы қызметкерлері арасында шахматты дәріптеу және зияткерлік спорт түрін кеңінен дамыту болып табылады.

WhatsApp Image 2026-01-30 at 14.41.09.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-30 at 14.41.08 (2).jpeg

Аталған турнирге Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылар құрамы «Күміс университет» жобасы аясында қатысып, өз бақтарын сынады. Университет атынан «Инженерлік технологиялар» білім беру бағдарламаларының тобының аға оқытушысы Нұрлыбек Ахметов белсенді ойыншы болып табылды.
Мұндай зияткерлік жарыстар ұстаздардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, университет ұжымында салауатты өмір салты мен интеллектуалды мәдениетті дамытуға ықпал етеді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...