Сұлтанбек Тәуіпбайұлының 70 жылдығына арналған Ғылыми кеңес өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 27 ақпан 2026
  • 86

Сұлтанбек Тәуіпбайұлының 70 жылдығына арналған Ғылыми кеңес өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде көрнекті ғалым, техника ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі, қоғам қайраткері Сұлтанбек Тәуіпбайұлы Тәуіпбаевтың 70 жас мерейтойына арналған Ғылыми кеңестің салтанатты мәжілісі өтті.
Жиынды университеттің Басқарма-төрағасы-Ректоры Наурызбай Байқадамов ашып, мерейтой иесінің ғылым мен білім саласына, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген зор еңбегіне тоқталды. Ректор өз сөзінде Сұлтанбек Тәуіпбайұлының еңбек жолы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде қалыптасып, осы білім ордасында 23 жыл бойы түрлі жауапты қызметтерді абыроймен атқарғанын ерекше атап өтті.

WhatsApp Image 2026-02-27 at 17.36.39.jpeg

WhatsApp Image 2026-02-27 at 17.34.51.jpeg

WhatsApp Image 2026-02-27 at 17.34.50 (1).jpeg

Салтанатты мәжілісте Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет құттықтау сөзін арнап, облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыстады. Сондай-ақ, Ғылыми кеңес шешімімен мерейтой иесіне университеттің ең жоғары наградасы – Қорқыт Ата атындағы Алтын медаль табысталып, дәстүр бойынша шапан жабылды.

ҚР Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Серікбай Өмірзақов өз баяндамасында мерейтой иесінің ғылыми-педагогикалық және ұйымдастырушылық қызметіне кеңінен тоқталып, ғалымның жас кадрлар даярлаудағы және күріш шаруашылығы саласын өркендетудегі еңбегіне жоғары баға берді. Салтанатты жиында «Парыз парасат» атты кітаптың тұсауы кесілді. 

WhatsApp Image 2026-02-27 at 17.34.51 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-02-27 at 17.34.50 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-02-27 at 17.34.50.jpeg

Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов Сұлтанбек Тәуіпбайұлының ғылыми мектебі, шәкірт тәрбиелеудегі өнегелі жолы және басқарушылық қыры жөнінде баяндама жасады.

Салтанатты мәжілісте салалық мекемелердің басшылары, ардагерлер кеңесінің өкілдері, Қазақстанның Еңбек Ерлері, әріптестері мен шәкірттері құттықтау лебіздерін білдіріп, Сұлтанбек Тәуіпбайұлының ел игілігі жолындағы қажырлы еңбегін жоғары бағалады.
Ғылыми кеңес жиыны соңында мерейтой иесі сөз алып, көрсетілген құрмет пен ыстық ықылас үшін алғысын білдірді. Сұлтанбек Тәуіпбайұлы ғылым саласындағы өнегелі қызметін жалғастырып, өңір дамуына үлес қоса беретінін жеткізді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...