Наурыз – ұлттық дәстүр мен заманауи технология тоғысқан мереке
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 20 наурыз 2026
  • 115

Наурыз – ұлттық дәстүр мен заманауи технология тоғысқан мереке

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы  кең көлемде аталып өтті.
Ұлттық дәстүр мен заманауи үрдістерді ұштастырған бұл шара студенттердің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.   

WhatsApp Image 2026-03-20 at 16.30.04.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-20 at 16.30.05 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-20 at 16.30.05 (2).jpeg

Мерекелік бағдарлама Арай City Mall маңынан бастау алған шеруімен ерекшеленді. Ұлттық нақыштағы киім киген студенттер әсем ән шырқап, қазақ халқының салт-дәстүрлерін бейнелей отырып, 5-корпусқа дейін көтеріңкі көңіл-күймен жүріп өтті. Бұл көрініс қала тұрғындарына ерекше әсер сыйлады.  
Іс-шара аясында ашық алаңда ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Студенттер арқан тарту, асық ату, теңге ілу, соқыр теке секілді қазақтың дәстүрлі ойындарын ойнап, ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігімен жақынырақ танысты. Мұндай белсенді формат жастардың қызығушылығын арттырып, мерекелік атмосфераны жандандыра түсті.   

WhatsApp Image 2026-03-20 at 16.30.07.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-20 at 16.30.07 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-20 at 16.30.07 (1).jpeg

Сонымен қатар, ғимарат ішінде интерактивті панельдер жұмыс істеді. Әр панельде қазақтың салт-дәстүрлері заманауи тәсілдер арқылы таныстырылып, арнайы ойындар арқылы түсіндірілді. Студенттер дәстүрдің терең мәнін жаңа форматта игеруге мүмкіндік алды. 
Мереке соңында қатысушыларға Наурыз дастарханы жайылып, ұлттық тағамдар – Наурыз көже мен бауырсақ ұсынылды. Әсем әндермен өрілген бұл сәт іс-шараның әсерлі қорытындысына айналды. 

WhatsApp Image 2026-03-20 at 16.30.06 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-20 at 16.30.05 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-20 at 16.30.06 (2).jpeg

Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрлерін кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарды заманауи форматта таныстыру, студенттердің шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ мерекелік бірлік пен ынтымақтастықты нығайту болып табылады.  
Ұлттық рухты дәріптеген мазмұнды шара университет жастарының мәдени мұраға деген құрметін арттырып, Наурыз мерекесінің мән-маңызын тереңірек сезінуге жол ашты.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...