Жыраулар ауылында жыр тиегі ағытылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 21 наурыз 2026
  • 16

Жыраулар ауылында жыр тиегі ағытылды

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы Сыр өңірінде ерекше сән-салтанатымен тойланды. Сырдарияның сол жағалауында орналасқан «Қайсар Арена» стадионы маңында ұйымдастырылған ауқымды мерекелік іс-шара халықтың көңілін көтеріп, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға арналды.

WhatsApp Image 2026-03-21 at 17.42.18.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-21 at 17.42.17 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-21 at 17.42.16.jpeg

Мереке аясында 40-қа жуық киіз үй тігіліп, олардың әрқайсысында қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігі кеңінен насихатталды. Келушілер ұлттық ойындарға қатысып, тақырыптық көрмелерді тамашалап, концерттік бағдарламалар мен театрландырылған қойылымдарға риясыз көңілмен қол соқты. 
Думанды шараға белсене қатысқан Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымы алаңға «Жыраулар ауылын» қоныстандырды. Ақшаңқан үйлерде жыршы-термешілердің терең мағыналы жырлары орындалып, көрермендерге рухани тағылым сыйлады.

WhatsApp Image 2026-03-21 at 17.41.22.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-21 at 17.41.27.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-21 at 17.41.27 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-21 at 17.42.15 (1).jpeg

Сыр сандықта сақтаулы жақұт жырларды ұйып тыңдаған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған меймандар қазақы салттың бірі – беташар рәсімін де тамашалады.  
Мерекелік шара аясында Жаратылыстану институтының өнерпаздары арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, халық әндерінен шашу шашты. Құлақ құрышын қандырып, көңіл серпілтер әуендерге меймандармен қатар роботтар да биледі.  

WhatsApp Image 2026-03-21 at 17.42.13.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-21 at 17.42.13 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-21 at 17.41.36.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-21 at 17.42.14 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-21 at 17.42.18 (1).jpeg

Айта кету керек, биыл университетте Наурыз мейрамы аясындағы «Наурызнама» онкүндігі ерекше мазмұнда ұйымдастырылды. Шұғылалы көктемнің алғашқы күнінен бастап оқу ғимараттарында оқытушылар мен білім алушылардың қатысуымен ұлттық құндылықтарды дәріптейтін түрлі тағылымды іс-шаралар өткізілді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...