Қорқыт ата университетінде білім беру бағдарламаларын жетілдіруге арналған воркшоп өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 28 наурыз 2026
  • 140

Қорқыт ата университетінде білім беру бағдарламаларын жетілдіруге арналған воркшоп өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде қос дипломды және бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге арналған әдістемелік воркшоп өтті. Шараның негізгі мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты дамыту, білім беру бағдарламаларын сапалы жобалау және оларды тиімді іске асыру жолдарын талқылау.

Іс-шараны Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов ашып, воркшоптың маңыздылығына тоқталды. Наурызбай Сейтқалиұлы қазіргі таңда халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қос дипломды және бірлескен білім беру бағдарламаларының рөлі ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар, мұндай бағдарламалар университеттің академиялық әлеуетін арттырып, білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін жеткізді.

WhatsApp Image 2026-03-30 at 09.58.46 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-03-30 at 09.58.45.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-30 at 09.58.45 (1).jpeg

Воркшоптың модераторы Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева болды. Шараға университеттің басшылық құрамы, профессор-оқытушылар құрамы және білім беру бағдарламаларының жетекшілері қатысты.

Воркшоп барысында қатысушыларға қос дипломды және бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеудің теориялық және практикалық негіздері таныстырылды. Сонымен қатар, бағдарламаларды тиімді жоспарлау мен іске асыру дағдыларын қалыптастыру, халықаралық серіктестік аясында білім беру бағдарламаларын үйлестіру бойынша кәсіби құзыреттерді дамыту мәселелері қарастырылды.

Білім беру бағдарламаларын үйлестіру және оқу үдерісін жоспарлау басқармасының басшысы Ақмарал Бұхарбаева «Қос дипломды, бірлескен білім беру және Minor, микроквалификация әзірлеу тәртібі» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде бағдарламаларды әзірлеудің негізгі кезеңдері мен талаптарын түсіндіріп, тәжірибелік ұсыныстарымен бөлісті.

WhatsApp Image 2026-03-30 at 09.58.47.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-30 at 09.58.46.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-30 at 09.58.45 (2).jpeg

Әдістемелік воркшоп жоғары оқу орындарының халықаралық ынтымақтастығын дамытуға, білім беру бағдарламаларын сапалы жобалауға және үйлестіруге бағытталды. Қатысушылар бағдарламаларды әзірлеудің заманауи тәсілдерімен, нормативтік талаптармен және үздік тәжірибелермен танысты. Бұл өз кезегінде бағдарламалардың сапасын арттыруға, еңбек нарығына сәйкестігін қамтамасыз етуге және университеттің институционалдық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Шара соңында пікір алмасу сұрақ-жауап форматында жалғасып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...