Қорқыт ата университетінде экологиялық өзекті жоба бойынша маңызды кездесу өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 30 наурыз 2026
  • 130

Қорқыт ата университетінде экологиялық өзекті жоба бойынша маңызды кездесу өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Арал теңізінің шөлейттенуімен күрес жөніндегі ынтымақтастық жобасы: SBT технологиясы – ғылыми сынақтардан ауқымды енгізуге дейін» тақырыбындағы жоба аясында мазмұнды кездесу өтті.   

WhatsApp Image 2026-03-30 at 14.41.57 (1).jpeg 

WhatsApp Image 2026-03-30 at 14.42.10.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-30 at 14.41.57.jpeg

Жиынға Intech  компаниясының директоры  Жомарт Момынбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры Наурызбай Байқадамов, Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бурибаева және университетіміздің ғалымдары қатысты.

WhatsApp Image 2026-03-30 at 14.42.11.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-30 at 14.42.10 (1).jpeg

Кездесу барысында Жомарт Байзақұлы жобаның өңір үшін маңыздылығына тоқталып, оны бірлесіп жүзеге асырудың негізгі тетіктерін таныстырды. Талқылау барысында Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту, ғылыми зерттеулерді тәжірибемен ұштастыру және заманауи технологияларды өндіріске енгізу мәселелері кеңінен қарастырылды.

Жиын қорытындысында тараптар алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты нығайту, бірлескен ғылыми және қолданбалы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ меморандумға қол қою жөнінде ортақ келісімге келді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...