Жас зияткерлер жарысы: білім бәйгесінің жаңа кезеңі
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 31 наурыз 2026
  • 152

Жас зияткерлер жарысы: білім бәйгесінің жаңа кезеңі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Qyzylorda телеарнасы бірлесіп ұйымдастырған «Зияткер» интеллектуалды сайысының бесінші маусымы басталды. 
Білім додасының басты мақсаты – дарынды жастарды анықтап, олардың танымдық қызығушылығын арттыру және оқушылардың білім деңгейін көтеру. Жоба Қызылорда облысы бойынша 7 аудан мен қаланы қамтып отыр.

260331-145050.png

Сайысқа 10-11 сынып оқушылары қатысып жатыр. Әр ауданнан 6 оқушы іріктеліп, жалпы саны 48 қатысушы білім бәйгесіне жолдама алған. Байқау барысында үздіктер анықталып, финалда 6 қатысушы өзара бақ сынайды. Ақтық сында топ жарған үздік үштікке Қорқыт ата университетінің білім гранты табысталады. 

260331-142205.png

260331-142249.png

Жалпы қатысушылар 7 кезең бойынша білімдерін сынауда.  Алдымен жалпы білімге қатысты сұрақтар қойылса, Mainstream 2-кезеңде кино, музыка және мультфильмдер тақырыптары қамтылды. «2 сурет – 1 кітап» 3-кезеңде экранда көрсетілген бейнелер арқылы әдеби шығармаларды анықтау тапсырылды.

4-кезеңде тарихи тұлғалар, ғылым мен философияға үлес қосқан ғалымдар мен жазушылар жайлы сұрақтар берілді. 5- кезең ақпараттық технологияларға арналса, 6-кезеңде қатысушылар орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгергендіктерін көрсетті. Ал соңғы 7- кезеңде Қазақстан тарихына шолу жасайды.

Зияткерлік сайыс жас буынның білімге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...