Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 06 сәуір 2026
  • 94

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды


Конкурсқа қатысу үшін келесі  құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе бұрынғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 

6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Бөлім басшысы білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Ғылым және технологиялық саясат туралы», «Білім туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының заңнамаларын, «Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын», білім беру саласы мен ғылымды регламенттейтін ҚР Үкіметінің Қаулыларын, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін, Университет жарғысын, университет басшылығының бұйрықтарын және өкімдерін, университетте қабылданған нормативтік актілерді және рәсімдерді, Директорлар кеңесінің, Басқарманың, Ғылыми кеңестің, Ғылыми-техникалық кеңестің шешімдерін білуі тиіс.

Бөлім басшысының біліктілік талаптары:  Ғылыми дәрежесінің немесе PhD дәрежесінің болуы. Ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.04.2026ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, 302 кабинет; e-mail: ksu@korkyt.kz.

Білуі тиіс:

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...