ПРОФЕССОР БАҒДАТ КӘРІБОЗҰЛЫНЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 19 мамыр 2026
  • 173

ПРОФЕССОР БАҒДАТ КӘРІБОЗҰЛЫНЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлының 70 жас мерейтойына арналған тағылымды кездесу өтті. Танымдық шараға университет оқытушылары, профессордың шәкірттері мен студенттер қатысты.
Кездесуді Гуманитарлық-педагогикалық институтының директоры Сағат Тайман ашып, мерейтой иесінің ғылым мен әдебиет саласындағы еңбектеріне тоқталды. Ол профессордың ұлт руханиятын дамытудағы рөлі мен жас буын тәрбиесіндегі еңбегін ерекше атап өтті.

WhatsApp Image 2026-05-19 at 14.42.51 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-19 at 14.42.49 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-19 at 14.42.50.jpeg

Іс-шара барысында ғалымның әріптестері, достары, шәкірттері және туған інісі жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Сонымен қатар, студенттердің орындауындағы терме көпшілікке рухани әсер сыйлады.
Бағдат Кәрібозұлы – 300-ден астам ғылыми-публицистикалық мақаланың, 10 монографияның және бірнеше әдеби-публицистикалық еңбектің авторы. Ғалым жетекшілік еткен 200 томдық «Сырдария кітапханасы» сериясы қазақ әдебиеті мен мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған іргелі жобалардың бірі ретінде жоғары бағаланып келеді.

WhatsApp Image 2026-05-19 at 14.42.49.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-19 at 14.42.50 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-19 at 14.42.50 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-19 at 14.42.49 (1).jpeg

Тағылымды кездесу ғылым мен руханиятты ұштастырған ғалымның өнегелі жолын насихаттап, жас ұрпаққа рухани серпін берген мазмұнды шара болды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации