ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «FREEDOM BANK-ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ» ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 19 мамыр 2026
  • 132

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «FREEDOM BANK-ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ» ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Freedom Bank-пен қаржылық сауаттылық апталығы» аясында студенттерге арналған кездесулер өтті. Іс-шара барысында қаржылық сауаттылық негіздері мен алаяқтық схемаларынан қорғану жолдары талқыланды.

WhatsApp Image 2026-05-19 at 14.49.50.jpeg   WhatsApp Image 2026-05-19 at 14.49.17 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-19 at 14.49.34 (1).jpeg

Апталықтың басты мақсаты – жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржы өнімдерін сауатты пайдалануға үйрету және алаяқтық әрекеттерден қорғану дағдыларын қалыптастыру. Студенттер жеке бюджетті жоспарлау, ақшаны жинақтау және қаржылық қауіпсіздік қағидалары туралы білім алды.

WhatsApp Image 2026-05-19 at 14.49.34.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-19 at 14.49.17.jpeg   WhatsApp Image 2026-05-19 at 14.49.16.jpeg

Кездесулер барысында банк мамандары Асхат Қатай пен Қанат  Қалабаев студенттерге жеке қаржыны басқару, несиеге жауапты қатынас, инвестициялау негіздері, алаяқтық схемалары  (вишинг, фишинг, жалған инвестициялық ұсыныстар, әлеуметтік желілердегі алаяқтық және т.б.), дропперлік қауіпі (банк карталарын бөгде тұлғаларға беру салдары және қылмыстық жауапкершілік) бойынша ақпарат берді. 
Осындай кездесулер студенттерге өз ақшалары мен жеке деректерін қалай қорғау керектігін және қандай әрекеттер заңға қайшы келетінін түсінуге мүмкіндік береді.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации