ӘУЕЛБЕКОВ АТЫНДАҒЫ №4 «ДАРЫН» МЕКТЕБІМЕН БІРЛЕСКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 22 мамыр 2026
  • 155

ӘУЕЛБЕКОВ АТЫНДАҒЫ №4 «ДАРЫН» МЕКТЕБІМЕН БІРЛЕСКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Еркін Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған «Дарын» мектеп-лицей-интернаты бірлесіп «Жаратылыстану ғылымдарындағы цифрлық трансформация: теория және тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.

Конференцияға Қазақстан және шетел ғалымдары, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, жас зерттеушілер мен педагогтер қатысты. Іс-шара барысында цифрлық технологияларды жаратылыстану ғылымдарына енгізу, STEM-білім беру, экология, химия, су ресурстарын басқару және инженерия салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды.

WhatsApp Image 2026-05-22 at 10.35.56.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-22 at 10.35.52 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-22 at 10.35.55.jpeg

Халықаралық конференцияда Түркия, Португалия, Үндістан және Қазақстан ғалымдары баяндама жасап, ғылымдағы заманауи зерттеулер мен тәжірибелерін ортаға салды.

Конференция жұмысына Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнур Абильтаевна Бурибаева және Еркін Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған «Дарын» мектеп-лицей-интернатының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Айгүл Нажмадинқызы Мусабаева қатысып, алғы сөз сөйледі.

WhatsApp Image 2026-05-22 at 10.35.54 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-22 at 10.35.52 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-22 at 10.35.52.jpeg

Іс-шара ғылым мен білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайтып, тәжірибе алмасуға және жаңа ғылыми бастамаларды дамытуға мүмкіндік берді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации