ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 22 мамыр 2026
  • 75

ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушыларына арналған онлайн семинар өтті. 
«ChatGPT EDU жасанды интеллект платформасын қолдану туралы» тақырыбында өткен семинардың мақсаты білім беру үдерісінде жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану жолдарын таныстырып, оқытушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру. 

WhatsApp Image 2026-05-22 at 12.43.30.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-22 at 12.43.29.jpeg

Семинар барысында қатысушыларға ChatGPT EDU платформасының негізгі мүмкіндіктері таныстырылып, оны оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданудың тиімді тәсілдері түсіндірілді. 
Атап айтқанда, оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу, сабақ жоспарларын құру, мәтіндерді талдау және өңдеу, ғылыми мақалалар дайындау, сондай-ақ білім алушылармен интерактивті жұмыс жүргізу бағыттары бойынша тәжірибелік мысалдар көрсетілді.
          
Сонымен қатар, Білім алушыларға және профессор-оқытушылар құрамына қызмет көрсету басқармасының басшысы Нұрлан Нұрмағанбетов пен Жасанды интеллект институты директорының орынбасары Асхат Елтаев қатысушыларға жасанды инттеллект бойынша ақпараттар ұсынды. 

WhatsApp Image 2026-05-22 at 12.43.29 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-22 at 12.43.27.jpeg

Іс-шара аясында практикалық бөлім өткізіліп, профессор-оқытушылар ChatGPT EDU платформасымен жұмыс істеу дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгерді. Сонымен қатар, жасанды интеллектіні қолданудағы академиялық адалдық, ақпараттық қауіпсіздік және этикалық нормаларды сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.

Семинарға қатысушылар цифрлық технологияларды білім беру жүйесіне енгізудің маңыздылығын атап өтіп, ChatGPT EDU платформасының оқыту сапасын арттыруға, оқытушы жұмысының тиімділігін күшейтуге және уақытты ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісіне кеңінен енгізу бойынша ұсыныстарын ортаға салды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации