ИТАЛЬЯНДЫҚ ЖАЗУШЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНА АРНАЛҒАН КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 26 мамыр 2026
  • 148

ИТАЛЬЯНДЫҚ ЖАЗУШЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНА АРНАЛҒАН КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде итальяндық жазушы, эколог Роберто Болтридің «Ұмытылған қасірет / Забытая трагедия» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Мәдени шараға университеттің профессор-оқытушылары, студенттері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Кездесу барысында университеттің Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнура Бурибаева автордың Арал теңізі мәселелері мен Орталық Азияның тарихи-мәдени тақырыптарын зерттеуге үлес қосып жүрген әлем азаматы екенін атап өтті.

WhatsApp Image 2026-05-26 at 12.39.20.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-26 at 12.39.19.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-26 at 12.39.17.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-26 at 12.39.18.jpeg

Шара барысында Роберто Болтри кітаптың тарихи маңызына тоқталып, еңбектің басты мақсаты – ХХ ғасырдағы қазақ халқы бастан өткерген нәубет жылдардың шынайы тарихын халықаралық деңгейде таныту екенін жеткізді.

Тағылымы терең еңбекте қазақ халқының ең ауыр тарихи кезеңдерінің бірі – ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін оқиғалары архивтік деректер мен куәгерлер естеліктері негізінде баяндалған. Автор кеңестік саясаттың салдары, халықтың жаппай қырылуы мен босуы, сондай-ақ қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының тағдырын жан-жақты зерттеген.

WhatsApp Image 2026-05-26 at 12.39.16.jpeg

WhatsApp Image 2026-05-26 at 12.39.17 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-26 at 12.39.17 (2).jpeg

Сонымен қатар кітаптың қазақ және орыс тілдерінде жарық көруі оның кең аудиторияға қолжетімділігін арттыратыны айтылды.

Кездесу соңында кітаптың ресми тұсауы кесіліп, қатысушылар авторға сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

«Ұмытылған қасірет / Забытая трагедия» – тарихи шындықты зерделеп, оны болашақ ұрпақ санасына жеткізуге бағытталған маңызды еңбек.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации