ЗАҢДЫ СЫЙЛАУ – ӨЗІҢДІ СЫЙЛАУ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 26 мамыр 2026
  • 64

ЗАҢДЫ СЫЙЛАУ – ӨЗІҢДІ СЫЙЛАУ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуелсіз сарапшы, заңгер Дидар Смагуловпен «Заңды сыйлау – өзіңді сыйлау» тақырыбындағы кездесу өткізді. 
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті арттыру болды.

WhatsApp Image 2026-05-26 at 16.00.14.jpeg    WhatsApp Image 2026-05-26 at 16.01.09.jpeg

Кездесу барысында спикер қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдамаға тоқталып, оның негізгі бағыттарын түсіндірді. Атап айтқанда, заң үстемдігі және заңның жалпыға бірдейлігі, ашықтық пен есептілік, адам құқықтарын құрметтеу және әділеттілік қағидаттарының қоғамдағы маңызы кеңінен талқыланды.

WhatsApp Image 2026-05-26 at 16.00.14 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-26 at 16.00.14 (2).jpeg

Сонымен қатар, Дидар Смагулов жастардың кез келген реформаның негізгі қозғаушы күші екенін атап өтті. Ол білім алушыларға заңдық, азаматтық, саяси және экономикалық құқықтар туралы түсіндіріп, құқықтық сауаттылықтың маңызын жеткізді.
Танымдық кездесу жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттауға бағытталды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации