ҚЫРҒЫЗСТАНДЫҚ ДОКТОРАНТТАР МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ АЛМАСАДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 29 мамыр 2026
  • 181

ҚЫРҒЫЗСТАНДЫҚ ДОКТОРАНТТАР МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ АЛМАСАДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінен келген 4 докторантпен кездесті. 
Кездесу барысында Ректор шетелдік қонақтарды жылы қарсы алып, ғылым мен білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызына тоқталып, қазақ-қырғыз жастары арасындағы тәжірибе алмасу достық байланысты одан әрі нығайтатынын жеткізді. 

WhatsApp Image 2026-05-29 at 09.48.26 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-29 at 09.48.26 (1).jpeg

Қырғызстаннан келген докторанттар математика бағыты бойынша бір апта көлемінде офлайн тәжірибе алмасудан өтіп, алдағы уақытта онлайн форматта тағы бір апта тәжірибе жалғастырады.
Жиын кезінде қонақтар университет ұжымына ризашылықтарын білдіріп, Қызылорда қаласында халықтың қазақ тілінде еркін сөйлейтініне, сондай-ақ кітапханада қазақ тіліндегі кітаптардың мол екеніне ерекше қызығушылық танытқанын атап өтті. Сонымен қатар, білім алушыларға жасалған жағдайдың жоғары деңгейде екенін және студенттердің білімді әрі белсенді екенін жеткізді.

WhatsApp Image 2026-05-29 at 09.48.26 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-05-29 at 09.48.25.jpeg

Кездесу соңында қос тарап өзара алғыс хаттармен алмасып, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екендерін білдірді.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации