ӘКІМШІЛІК ӘДІЛЕТ – МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМ АРАСЫНДАҒЫ ТИІМДІ ДИАЛОГТЫҢ КЕПІЛІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 маусым 2026
  • 165

ӘКІМШІЛІК ӘДІЛЕТ – МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМ АРАСЫНДАҒЫ ТИІМДІ ДИАЛОГТЫҢ КЕПІЛІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдері Қазақстан Республикасы әкімшілік соттарының құрылғанына 5 жыл толуына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. 
Жиынға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық сот төрағасы Әділхади Шағымбаев, құқық қорғау органдарының басшылары, сот жүйесінің ардагерлері, заңгерлер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ғалымдар мен құқық саласының мамандары қатысты.

WhatsApp Image 2026-06-10 at 12.53.04.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-10 at 12.53.03.jpeg

Конференция барысында әкімшілік әділет институтының қалыптасуы мен даму кезеңдері, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы рөлі, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесіндегі маңызы кеңінен талқыланды.
Жиында Қорқыт ата университетінің Экономика және құқық институтының директоры, PhD докторы Айнұр Исаева баяндама жасады. Ғалым әкімшілік әділеттің мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді диалогты қалыптастырудағы орнына тоқталды.

WhatsApp Image 2026-06-10 at 12.53.03 (1).jpeg

Айта кетейік, Қорқыт ата университеті өңірдегі құқықтық білім мен ғылымды дамытуға, білікті заңгер мамандар даярлауға және құқықтық реформаларды ғылыми тұрғыдан зерделеуге үлес қосып келеді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации