ШЫМКЕНТТЕ ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 маусым 2026
  • 143

ШЫМКЕНТТЕ ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің алғаш рет өңіраралық кеңсесі жұмысын бастады. Негізгі бағыт – Шымкент қаласы және Түркістан облысымен шекаралас өңірлердегі білім беру кеңістігімен өзара байланысты нығайту. Сонымен қатар, талапкерлерге кәсіби бағдар беру, бизнес қауымдастықпен әріптестік орнату және университеттің білім беру мүмкіндіктерін кеңінен таныстыру жұмыстарын жүргізеді

WhatsApp Image 2026-06-10 at 13.10.06.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-10 at 13.10.05.jpeg

Университет өкілі Жандос Оразмаханов кеңсенің жұмысы үш бағытта жүргізілетінін айтты. Біріншісі – талапкерлерді тарту және кәсіби бағдар беру: Шымкент, Түркістан облысы, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің талапкерлеріне оқу бағдарламалары мен қабылдау шарттары бойынша кеңес беріледі. Екіншісі – кәсіпкерлер мен мамандарға арналған біліктілікті арттыру және қысқа мерзімді оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру. Үшіншісі – бизнес қауымдастықпен серіктестікті нығайту мақсатында кездесулер, семинарлар, тренингтер мен форумдар өткізу.

Айта кетейік, маусым-шілде айларында, кеңсе қызметі негізінен кәсіби бағдар беру, талапкерлерді оқуға шақыру және қабылдау науқанына қолдау көрсетуге бағытталады. Сонымен қатар, университеттің SeoulTech университетімен бірлесіп құрған Жасанды интеллект институтына дарынды талапкерлерді тарту және IT мен жасанды интеллект саласындағы білім беру мүмкіндіктерін насихаттау жұмыстары жүргізіледі.



Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации