БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСҚА БӨЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 18 маусым 2026
  • 39

БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСҚА БӨЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Рекрутинг бөлімі және Мансап орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік білім беру гранты негізінде білім алған бітіруші түлектерді жұмысқа дербес бөлу жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Шараның мақсаты – бітіруші түлектерге жұмысқа орналасу тәртібін түсіндіру, мемлекеттік грант бойынша міндеттемелер туралы ақпарат беру және олардың кәсіби еңбек жолын бастауына қолдау көрсету.
Жиынға комиссия мүшелері, институт директорлары және бітіруші курс студенттері қатысты.

WhatsApp Image 2026-06-18 at 10.07.51.jpeg

Отырыс барысында мемлекеттік грантпен білім алған түлектерді жұмысқа бөлу тәртібі, міндетті жұмыспен өтеу талаптары, сондай-ақ жас мамандардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Қатысушыларға осы мәселелерді реттейтін заңнамалық талаптар мен қолданыстағы қағидалар туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік грант бойынша оқуды аяқтағаннан кейінгі міндетті жұмыспен өтеу, одан босатылатын жағдайлар және мемлекет тарапынан маман даярлауға жұмсалатын шығындар туралы кеңінен айтылды.
Кездесу соңында түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, комиссия мүшелерінен жан-жақты жауап алды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации