«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы төмендегі бос қызмет орындарына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz, korkyt_ksu@mail.ru +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 21 қыркүйек 2022
  • 449

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы төмендегі бос қызмет орындарына орналасуға конкурс жариялайды

Вакансия атауы

Кафедра

Штаттық бірлік

Ескерту

1

Оқытушы  (жұмыста уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына)

Қаржы, есеп және аудит

1,0

Ғылым магистрі академиялық дәрежесінің болуы

2

Оқытушы 

Әскери кафедра

5,0

Әскери дайындығы бар жоғары азаматтық білімі, әскери атағының болуы Ғылым магистрі академиялық дәрежесінің болуы

 

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 7 слайдтан артық емес) және ПОҚ үшін электрондық тасымалдағышта сақталған үміткермен өткізілген онлайн сабақ;

7) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

8) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралымәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Оқытушы білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдарын және жоғары білім беру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін  басқа да нормативтік құқықтық актілерді; өз бейіні бойынша оқу-ғылыми пәндерді; білім беру жүйелерін басқару теориясы мен әдістерін; оқу жоспарларын жасау тәртібін; оқу жұмыстары бойынша құжаттамаларды жүргізу тәртібін; педагогиканы, физиологияны, психологияны; кәсіби оқыту әдістемесін; студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің заманауи түрлері мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалықты;  еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен сақтану ережелері мен нормаларын.

Оқытушының біліктілік талаптары: жоғары білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және/немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.09.2022 ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, адами ресурстарды басқару басқармсасы, 205 каб.; e-mail: otdelkadrov_kgu@mail.ru.

Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: адами ресурстарды басқару басқармсасы 8(7242)27-86-28.

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

e-univer.korkyt.edu.kz

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...