ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 02 шілде 2026
  • 45

ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Гуманитарлық-педагогикалық институты түлектеріне диплом табыстау рәсімі салтанатты түрде өтті. Биыл институтты 452 түлек тәмамдаса, оның 59-ы – магистратура бағдарламасының түлектері. 

WhatsApp Image 2026-07-01 at 21.10.21.jpeg

WhatsApp Image 2026-07-01 at 21.10.22.jpeg

WhatsApp Image 2026-07-01 at 21.10.26.jpeg

WhatsApp Image 2026-07-01 at 21.33.10.jpeg

Салтанатты рәсімге университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов қатысып, түлектерді маңызды белеспен құттықтады. Өз сөзінде ректор жастардың алған білімін ел игілігіне жұмсап, кәсіби біліктілігі жоғары, жауапкершілігі мол маман ретінде Қазақстанның дамуына үлес қосатынына сенім білдіріп, ақ жол тіледі.

WhatsApp Image 2026-07-01 at 21.10.27.jpeg

WhatsApp Image 2026-07-01 at 21.10.29.jpeg

WhatsApp Image 2026-07-01 at 21.10.29 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-07-01 at 21.10.31.jpeg

Іс-шараға облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов, «QAZAQSTAN» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Қызылорда облыстық филиалы – «Qyzylorda» телеарнасының директоры Нұрбек Әмиша, Қазақстан Журналистер одағы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қуат Шарабидинов, үш мәрте «Алтын домбыра» иегері, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының директоры Мұхтар Ниязов, университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева және Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Уәлихан Ибраев қатысып, бітіруші жастарға ізгі тілектерін арнап, диплом табыстады.

WhatsApp Image 2026-07-01 at 21.10.30.jpeg

WhatsApp Image 2026-07-01 at 21.10.27 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-07-01 at 21.10.27 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-07-01 at 21.10.31 (1).jpeg

Айта кетейік, биыл институт бойынша 77 түлек үздік диплом иегері атанды. Сонымен қатар, 6 студент Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясына ие болды. Жүздеген білім алушы халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Шығыс Азия, Еуропа және Таяу Шығыстың жетекші жоғары оқу орындарында білім алып, кәсіби тәжірибе жинақтады.

WhatsApp Image 2026-07-01 at 21.10.48.jpeg

WhatsApp Image 2026-07-01 at 21.10.29 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-07-01 at 21.10.28.jpeg

WhatsApp Image 2026-07-01 at 21.10.31 (2).jpeg

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации